27
мамыр
2026
«Аттандық бала шақтан-болашаққа!» бастауышпен қоштасу
«Аттандық бала шақтан-болашаққа!» бастауышпен қоштасу
Іс-шара барысында оқушылар бастауышта алған білімдері мен тәрбиелерін саралап, ұстаздарына деген алғыстарын білдіріп, өнерлерін ортаға салды. Әсем ән шырқалып, жүрекке жылы өлеңдер оқылып, қызықты көріністер қойылды. Бұл кеш – бастауышпен қоштасып қана қоймай, оқушылардың жаңа белеске қадам басар сәтіндегі ерекше естелікке толы мереке болды.
Кештің басты мақсаты – оқушылардың бастауыш сыныпта алған білімдерін қорытындылау, ұстаз еңбегін құрметтеуге баулу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және орта буынға сеніммен қадам басуына рухани қолдау көрсету.
Шара соңында оқушыларға ізгі тілектер айтылып, алдағы оқу жолдарына сәттілік тілінді. Осындай тәрбиелік мәні зор кештер оқушылардың мектепке деген сүйіспеншілігін арттырып, жарқын болашаққа қанаттандыра түседі.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid017BDNyUeo4HWZ7HBwiHD372GzbSt9L1pTHWMqeH35tMih9hq4WBs3vZx3L3nGwtNl&id=100072585913108