Абай – ұлттың рухани темірқазығы.
“Дулат” негізгі орта мектебінің оқушылары ақынның бай мұрасын дәріптеп, ұлы ойшылдың өсиетін мектеп өмірінің басты ұстанымына айналдыруды мақсат етеді. Абай – ұлттың рухани темірқазығы. Бүгін – ұлы ақын, ойшыл, сазгер Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл. Абай күні – жай ғана мереке емес, ұлтты рухани жаңғыруға, білімге, парасаттылық пен өзін-өзі жетілдіруге үндейтін ерекше күн. Ұлы хәкімнің «Адам бол!», «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген сөздері