🌿🌸 ТАЗАЛЫҚ –ТАБАЛДЫРЫҚТАН БАСТАЛАДЫ 🌸🌿
ТАЗАЛЫҚ –ТАБАЛДЫРЫҚТАН БАСТАЛАДЫ Мектебімізде 06.04.2024 ж. көгалдандыру және тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында сенбілік ұйымдастырылды. Шара барысында ер мұғалімдер мен кіші қызметкерлер белсенділікпен еңбек етіп, аула аумағын ретке келтіріп, гүлзарларды күтім жасап,тазалық жұмыстары жүргізілді. Табиғатты аялау – әрбіріміздің міндетіміз. Осындай игі істер арқылы біз жас ұрпаққа үлгі боламыз Бірлік бар жерде – береке бар! Еңбегіміз жемісті, ортамыз әрдайым көрікті болсын!