2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні мерекесі
2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні мерекесіне орай ЖШС «Дулат» негізгі орта мектебінде «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында білім алушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында «Кітап- біздің досымыз» балалар әдебиетін оқу акциясы өткізілді. Бұл күн – әлемге әйгілі балалар жазушысы, ұлы ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің туған күнімен тығыз байланысты. Оның «Сұлу қыз», «Қар ханшайымы» секілді ертегілері талай ұрпақтың жүрегіне жол тауып, мейірім мен қиялға