
2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні мерекесіне орай ЖШС «Дулат» негізгі орта мектебінде «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында білім алушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында «Кітап- біздің досымыз» балалар әдебиетін оқу акциясы өткізілді. Бұл күн – әлемге әйгілі балалар жазушысы, ұлы ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің туған күнімен тығыз байланысты. Оның «Сұлу қыз», «Қар ханшайымы» секілді ертегілері талай ұрпақтың жүрегіне жол тауып, мейірім мен қиялға жетелейді.
Кітап – бала қиялының қанаты, рухани әлемінің шамшырағы. Әрбір ертегі – жақсылық пен ізгіліктің бастауы .Осы мерекеде барша бүлдіршіндерге қызықты кітаптар, шексіз қиял және жаңа білім тілейміз!
Кітаппен дос болып, армандарыңыз асқақтай берсін!

Оқимыз, ойланамыз, дамимыз!
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0Bgy9VoveKKk9nXse2gnxebKkj47LM2Dj4ky7xV36vKbM4rbbF6xMxaZMqV4RV6bwl&id=100072585913108