«Таза сынып – көтеріңкі көңіл-күй»
«Таза сынып – көтеріңкі көңіл-күй» 4«Ә» сынып оқушылары «Таза сынып – көтеріңкі көңіл-күй» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шара аясында өз сыныптарын тазалауға белсене атсалысты. Бұл шараның басты мақсаты – оқушыларға тазалықты сақтау, ұқыптылық пен жауапкершілікке баулу, өз ортасына деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру болды. Балалар парталарды сүртіп, еденді тазалап, оқу бұрыштарын ретке келтірді. Әрқайсысы өз міндетін үлкен жауапкершілікпен орындап, ұжымдық жұмыстың маңызын түсінді.